Управление здравоохранения Актюбинской области

ГКП "Городская поликлиника №5 на ПХВ"

РК, Актюбинская область, г. Актобе

ул. Набережная, дом №79/61

Регистратура : 99-31-25, 99-30-95

Приемная : 99-30-49

E-mail : gkp_5@mail.ru

   
Послание президента Послание президента

Пресс-релиз

          Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы және біріңғай төлем жасаушы болып танылды.

2019-шы жылы қормен 41 852 161 мың теңгеге медициналық қызметтер сатып алынды.  2020-шы жылға сатып алу жоспары 52 364 716  мың теңгені құрайды.

2020-шы жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген уақытта медициналық қызметтерді қаржыландыру 2019-шы жылмен салыстырғанда 125 пайызға артады,-деп хабарлайды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ АОФ директоры Гүлмира Кужаниязова.

Ақтөбе облысының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 37 мемлекеттік және 26 жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Осы медициналық ұйымдардың 63-де медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген.

         Жыл басынан медициналық көмектің барлық түрлері мен формалары бойынша 296 914 513,3  теңгеге 28 084 кемшілік анықталды.

Кез келген сайтта сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін плагин жасап шығарылды. Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, бұл кезекте  себебін жұмыс берушіден анықтау керек. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады. Плагинді www.fms.kz сайтынан немесе Облыстық денсаулық сақтау сайтынан және де медициналық мекемелердің сайтында да қарап, қолдануға болады.